Күллі әлем көз тіккен Қытайдағы «I am a singer» тележобасының финалында сенбі күні еліміздің мақтанышы Димаш Құдайбергенов өнер көрсетті. Әлемдік жобада елімізің намысын абыроймен қорғап жүрген Димашты ақтаулық жастар да қолдап, сәттілік тіледі. Акциясының жоғары деңгейде өтуіне облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығы ұйытқы болды.
Сенбі күні кешкісін теңіз жағалауына ақтаулық жалынды жастар жиналып, Димашқа жанкүйер болды. Шарада жергілікті өнерпаздар өнер көретіп, халықтың ықыласына бөленді.
- Бүгін таңертең «ЭКСПО-2017» xалықаралық көрмесіне өңір атынан баратын еріктілердің қатысуымен акция өткізсек, кешкісін қала жастарын жинап, теңіз жағалауында еліміздің мақтынышы Димашты қолдау мақсатында шара ұйымдастырдық. Димашты қолдау акциясына ақтаулық жастар белсенді қатысуда. Елімізді әлемге танытатын Димаштай талантты жастарымыз көп болсын дейміз. Жалпы Маңғыстау жастары да қай салада болмасын белсенді. Мәдениет саласында да, спортта да әр түрлі республикалық, халықаралық байқауларда орын алып, түбектің намысын абыроймен қорғап жүр,-дейді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Бурxандинова.
Финалда Димаш қытайлық әнші Лауре Чангпен поп музыка королі Майкл Джексонның «The Way You Make Me Feel», «Erth song» және «Billie Jean» әндерін орындады. Көрермендердің дауыс беруімен Димаш «I am a singer-2017» тележобасынан 2-орынға ие болды.
Венера МИРЛАН