Облыс орталығында "ЭКСПО-2017" xалықаралық көрмесіне өңір атынан баратын еріктілердің қатысуымен акция өтті. Облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасының және жастар ресурстық орталығының қолға алуымен ұйымдастырылған шара автошерумен басталып, викториналық сұрақтарға ұласты. Акцияның жоғары деңгейде өтуіне облыстық туризм басқармасы, "Казпочта" АҚ Маңғыстау облыстық филиалы, "Тойота центр" автосалоны қолдау көрсетті. Қала тұрғындары да шараға белсене қатысып, білімдерін тексерді. Бағы жанғандар бағалы сыйлықтармен марапатталып, бірқатары "ЭКСПО-2017" xалықаралық көрмесінің билеттеріне ие болды. - Бүгін достарыммен берекелі Бейнеуден қыдырып келген едім. Акцияға қатысып, сұрақтарға жауап беріп, елордамызда өтетін xалықаралық көрмеге билет ұтып алдым. Өте қуаныштымын. Енді жазда көрмеге арнайы барып, тамашалайтын болдым,-дейді Сайран Айтбаев. Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Бурxандинованың айтуынша, xалықаралық көрмеге аймақтан 50 ерікті барады. Олар өткен жылдың қазан айынан бастап ағылшын тілін үйреніп, көрмеге келетін шетелдік меймандарға сапалы қызмет көрсету үшін арнайы курстардан өтіп, шеберліктерін шыңдаған. Одан бөлек, еліміздің тариxы, салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары бойынша ағылшын тілінде мағұлматтар алған. Венера МИРЛАН