29 наурыз күні белгісіз біреулер пайдақорлық мақсатпен "Маңғыстау – Ақтау" бағытында жүретін №105 автобустағы жолаушының «Samsung J5 Prime» маркалы ұялы телефонын жымқырып, оқиға орнынан ізін суытқан. Ішкі істер қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде телефон табылып, ұялы телефон ұрлады деген күдіктілер ұсталды.
- Олардың 1980 және 1985 жылы туған Өзбекстан Республикасының "М", "Д" есімді азаматтары екені белгілі болды. Азамат "М" өз еркімен ұялы телефонды табыс етті. Осыдан кейін оған жүргізілген жеке тінту барысында 1996 жылы туған тұрғынға тиесілі «SAMSUNG Galaxy S4 ZOOM» маркалы ұялы телефоны табылды,-дейді ішкі істер бөлімінің штаб тобының аға инспекторы Еркебұлан Есенқұлов.
Қазірде "М" мен "Д-ға" қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Басқа құқық бұзушылықтарға да қатысы бар-жоқтығы анықталуда.
Шахида Жұман