Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосы № 9 жалпы білім беру орта мектебінің 10 «Б» сынып оқушысы Дәулетбаев Ибрахим Ақтау қаласында өткен Республикалық пәндік олимпиададан құқық пәні бойынша жүлделі ІІ орынды иеленіп, облыс намысын қорғады.
Оның аталмыш олимпиадаға қатысуына мектебіміздің басшысы Г.Асамадинова мен құқық пәнінің мұғалімі Г.Истлеу елеулі үлес қосты және мектеп ұжымы оқушымызға рухани жағынан қолдау көрсетті.
Ибрахим өзінің көшбасшылық қабілетін тек мектепте ғана емес, сонымен қатар аудан, облыс, республика көлемі бойыншада көрсетіп, көптеген іс-шараларға қатысып, белсенділік танытып, белгілі орындарға иеленіп алғыс, мадақтама, грамоталармен марапатталып жүрген оқушы. Атап айтар болсақ, аудандық «Махамбет оқуларынан» І орын, облыстан ІІ орын иегері, «Есірткі ғасыр дерті» аудандық шығармалар байқауынан І орын, облыстан ІІ орын, аудандық пәндік олимпиададан құқық пәні бойынша І орын, облыстан І орын, Республикалық «Ақберен» байқауының аудандық және облыстық кезеңінің «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша І орын иегері атанды.
И.Дәулетбаев өз жұмысына ұқыпты, сыйлы, тәрбиелі отбасынан шыққан. Осындай күллі қазақ еліне үлгі боларлық ұл тәрбиелеп өсірген Ибрахимнің ата-анасына алғысымыз шексіз. Болашақта Ибрахим заңгер мамандығын таңдап, өз қызметін адал атқарып, халқына қызмет еткісі келеді.
Үміт ЖӘЛЕКЕ