Маңғыстау өңірінде бірінші рет ұйымдастырылған ұлттық спорт тоғызқұмалақ ойынының инновациялық түрі – «Алаңдағы тоғызқұмалақ» облыстық ашық турнирінің тұсауы Мұнайлы ауданында кесілді.
Маңғыстау облыстық білім басқармасының бастамасымен аймақта алғаш рет қолға алынған жаңаша көрінісітегі ұлттық ойын Атамекен ауылындағы №7 орта мектепте өтті.
Турнирге Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы, Түпқараған аудандарынан 7 команда қатысты. Жарыс салтанатты түрде облыстық білім басқармасы мен аймақтық дене тәрбиесі орталығының мамандары ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Осы сайысқа дейін өтіп жүрген тоғызқұмалақ сайысынан алаңдағы тоғызқұмалақтың ерекшеліктері әр командада он адамнан қатысады, әрбір құмалақтың салмағы 1-1,5 кг құрайды.
Алаңдағы тоғызқұмалақтың мақсаты: қатысушылар бір-бірімен кеңесіп, ақылдаса отырып, ұжымдық қадам жасауға машықтанады, құмалақтарды көтеріп ұяшықтан - ұяшыққа алып жүру арқылы физикалық қимыл-қозғалысты және ой-өрісі дамиды. Сондықтан, ауданда алдағы уақытта барлық педагогтар мен балалардың арасында жарыстар ұйымдастыру жоспарланып, қолдау табуда. Турнир қорытындысы бойынша І орын Ақтау қаласының «Асыл мұра», ІІ орын Актау қаласынан «Мұрагер», ІІІ орын Мұнайлы аудыны «Атамекен» командаларына бұйырды. Жеңіске жеткен оқушыларды құттықтаймыз, ұлттық ойынымызды дамытуға атсалыса берейік.
Өз тілшіміз