Ақтау туралы сіз естімеген қызықты 20 дерек
[ 2017 ] 6 сәуір, 06:51 | Жаңалықтар
Ақтау – еліміздегі жалғыз портты аймақ.
Ақтау – кез-келген жерге 200 теңгемен жете алатын қала.
Ақтау – Қазақстандағы ең жас қала. Іргетасы 1963 жылы қаланған.
Ақтау – елімізге АҚҚУЛАР келетін жалғыз қала.
Ақтауға жақын жерде әлем бойынша ең ірі уран ұңғымасы орналасқан. Бүгін де ұңғыма өз жұмысын тоқтатқан.
Ақтау – тұңғыш рет өндірістік жылдам нейтронды атом электростанциясы салынған шаһар.
Ақтау қаласында «Caspian Riviera Grand Palace» атты қонақ үй бар. Ғимараттың 6 қабатында құшағына 890 000 литр су сиятын аквариум орналасқан. Бірегей аквариум әсем сәулетімен ерекшеленеді.
Ақтау – жаңа жылды қарсыз қарсы алатын қала.
Ақтауда тұщы судың табиғи қоры жоқ. Сол себепті өңір тұрғындары Каспийдің суын тұшытып ішеді.
Ақтау – еліміздегі көше атаулары жоқ жалғыз қала. Шаһар тек мөлтек аудандардан тұрады. Олардың саны 1-ден бастап 33-ке дейін жетеді.
Ақтау – әлем бойынша тұрғын үй кешенінің дәл төбесіне маяк орналасқан екінші қала.
Ақтау – тап-таза бетке жаңа жазылған жазудай Ленинград жобалау институтының бас жоспарымен жоспарланып, салынған шаһар.
Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен 132 метр тереңдікте әлемдегі ең терең ойпат созылып жатыр. Ойпат Қарақия деп аталады.
Ақтау – Жауының өзі сескенген Досан мен Исаның туған жері.
Ақтау – нағыз жаңа жылды шынайы қарсы алатын қала.
Ақтау –14-наурызда көрісетін қала.
Ақтау – келіндерінің сәлемі үзілмеген қала.
Ақтау – әлемнің ең үлкен көлі Каспийдің жағасындағы керемет қала!
Ақтау – еліміз бойынша жалғыз теңіз-жаяу әскерлері бар қала.
Ақтау – теңіз астында орналасқан мейрамхана құрылысы (жоба құны 10 млн $) жоспарланған шаһар.
Дереккөз: el.kz
13392
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.