Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өткен жылы 21 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 19 прокурорлық акті енгізіліп, 375 заңбұзушылықтар жойылған. 147 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1 560 азаматтың конститутциялық құқықтары қорғалған. Сондай-ақ, табиғат қорғау прокуратурасының талабы негізінде салық органымен жер қойнауын пайдаланушылардың қызметтеріне салықтық тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 6 миллиардтан астам қаражат мемлекет мүддесіне өндірілген.
-Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен 2016 жылы заңның нығайту тәртібі бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Жұмыс жоспарын жоспарлау барысында прокуратураның басты назарында құқық қорғау органдарының жұмыстарын жандандыру, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда болатын браконьерлікпен күресу және қоршаған ортаға келтірілген залалдарды өндіру болды. Сонымен қатар, көрсетіліп отырған мерзімде прокуратурамен мемлекеттің қаражатын толтыру бойынша басты жұмыстар жүргізілді. Одан бөлек, «Таза аймақ» және «Эмиссия үшін төле және бюджетті толтыр» атты жобалары жүзеге асырылды,-дейді Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары Смағұл Хасниязов.
«Таза аймақ» жобасы бойынша облыс көлеміндегі 4000 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар жиналған. 57 түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қала аудандарда 600 жуық қоқыс қалдықтарын тастайтын контейнерлер орнатылған. Бұған қоса, жергілікті атқарушы органмен және жеке кәсіпкерлер арасында тұрмыстық қатты қалдықтарын тазалау арқылы қайта өңдеумен айналысуды жүзеге асырау үшін меморандум жасақталыпты. «Эмиссия үшін төле және бюджетті толтыр» жобасы негізінде 1 160 табиғат пайдаланушылармен қоршаған ортаға эмиссия рұқсаттар алынып, мемлекет мүддесіне 334 млн.теңге өндірілген.
-Броконьерлік бағыты бойынша 5 қылмыстық іс және мұнай қалдықтарын заңсыз сақтағаны үшін 2 қылмыстық іс қозғалды. Уәкілетті және құқық қорғау органдарымен броконерліктің алдын алу үшін іс жоспары бекітілді. Маңғыстау облыстық ІІД-нің ЖПҚ-ның қызметкерлерімен бірлесе отырып броконьерліктің алдын алу мақсатында бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, рейдтік шараларды жүргізу барысында, Ақшұқыр елді мекенінің тас жолында автокөлік тоқтатылып, 77 дана бекіре тұқымдас балығының тасымалданғаны анықталды,-дейді Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары Смағұл Хасниязов.
Венера МИРЛАН