©
Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті теңізге автокөлікпен сүңгіген адамдарды іздестіруде, деп жазады lada.kz. Каспий теңізінде жол талғамайтын автокөлікпен «жүзіп жүргендер» туралы видео желіде жақын күндері тараған болатын. Олардың біреуі анықталды, қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. «Nissan X-Trail» автокөлігінің 1989 жылғы жүргізушісі табылды. Оған қатысты Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір басқа көлік иелерін анықтап жатырмыз», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД. https://www.youtube.com/watch?v=Ata2CsUN2Fs