Елге келіп тіркеуге тұрмайтындар көп
[ 2017 ] 13 ақпан, 12:04 | Жаңалықтар
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2016 жылдың 12 айында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 517 бабымен құқық бұзушыларға қатысты қозғалған 3191 әкімшілік іс сотқа түсіп, оның 3182-і бойынша шешім қабылданып, кінәлі тұлғалар Кодексте көзделген әкімшілік жазалар ретінде қамаққа алынып, айыппұл салынып, Қазақстан Республикасының шегінен шығарылған.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы диспозициясына тоқталсақ,
Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы;
Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге;
Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәулік ішінде Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы – ескерту жасауға;
Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге;
Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге;
Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге;
Осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Аталған баптың бөліктері бойынша әкімшілік жаза жасалған құқық бұзушылыққа байланысты күшейе береді.
Мәселен, Өзбекстан Республикасының азаматы А. 05.09.2016 жылдан 24.03.2017 жылға дейін Актау қаласы, 7-28-47 мекен-жайы бойынша уақытша тіркелген. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарын бұзып, Ақтау қаласы, 32б-22-69 үйде тұрып жатқан жерінен полиция қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында ұсталып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сот қаулысымен он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды. Мұндай мысалдар өте көп.
Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарын бұзуы бойынша қатаң әкімшілік жазалар қарастырылғанына қарамастан, аталған санаттағы құқықбұзушылықтар тыйылмай отыр.
Ақмарал Абилдина,
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы
851
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.