ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәскелестікті қорғай комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік органдарының бәскелестікке қарсы іс-әрекеттеріне тергеп-тексерулер бөлімінің С.Ж.Қошақова Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің бәскелесті қорғау саласындағы нормалары жайында әңгімелейді.
- Сағадат Жәумітбайқызы , Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 2016 жылдың 1-қаңтарынан қолданысқа енгізілгеннен бастап «Бәселелестік туралы» Заң күшін жойғанын білеміз. Осыған байланысты сіздің органның жұмыс аясы, міндеті өзгерді ме?
- Монополияға қарсы органның құзыреттері Кәсіпкерлік кодекстің 90-6 бабында белгіленген. Атап өтсек, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың , мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кеседі.Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықты қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алады және оны жояды. Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдерін және келісілген әрекеттерін, жосықсыз бәскелестікті болғызбайдыжәне олардың жолын кеседі. Нарық субъектілерінің , мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың , мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйымдардың Қзақстан Республикасының бәскелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері бойынша осы кодексте белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру жүргізеді және басқа да функцияларды атқарады.
- Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықты анықтау -монополияға қарсы органның басты функцияларының бірі десек, оның жүзеге асыру жолдары қандай?
- Монополияға қарсы орган өз өкілеттігінің шегінде бәскелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарына тергеп-тексеру жүргізеді және нәтижесі бойынша шешім қабылдайды.Тергеп-тексеру дегеніміз-монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың жасалғандығын растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректерді жинауға бағытталған іс-шаралар. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтердің монополияға қарсы органға келіп түсуі тергеп-тексеруді бастау үшін негіз болып саналады. Олар:
1.Қазақстан Республикасының бәскелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы көрсетіле отырып, мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
3.Монополияға қарсы органның өз қызметін жүзеге асыруы кезінде нарық субъектісінің, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың әрекеттерінен Қазақстан Республикасының бәскелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы белгілерін анықтауы;
- Кәсіпкерлік кодексте мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың қызметін реттейтін қандай нормалар бар?
- Бірнеше нормалар бар. Біріншісі, Кәсіпкерлік кодекстің 194-бабы 1-тармағында қамтылған және Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың әрекеттерінен (әрекетсіздігінен), актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келген немесе алып келуі мүмкiн бәсекелестiкке қарсы әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
Кәсіпкерлік кодекстің 194-бабы 2-тармағында мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы деп танылатын әрекеттерінің тізбесі келтірілген.
Екіншісі, Кәсіпкерлік кодекстің 194-бабы 3-тармағында қамтылған және мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдар арасындағы немесе олар мен нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге, егер мұндай келiсiмдер бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келетін немесе алып келуі мүмкiн болса, тыйым салынады.
Бұл ретте, осы тыйым конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарының шегінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттар шеңберінде жасалған келісімдерге қолданылмайтынын ескерте кеткім келеді.
Ақтөбе облысының аумақтық бөлімшесінің практикасынан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қатысты жүргізілген тергеп-тексеруді мысалға келтірейік. Аталған бөлімнің әрекеттерінен монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық анықталған, онда бір субъектімен (ЖШС) келісім жасау арқылы бәсекелестікті шектеуге жағдайлар жасаған. Өзге жеке кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік сатып алулар туралы хабарландырудың болмауына байланысты осындай сатып алуларға қатыса алмаған. Тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша бөлімге ЖШС-мен шартты бұзу туралы нұсқама шығарылды.
Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша бәсекелестікке қарсы әрекеттер фактісі анықталған кезде монополияға қарсы орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім қабылдауға, нұсқама шығаруға немесе қылмыстық іс қозғау үшін материалдарды құқық органдарына беруге құқылы.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 163-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, лауазымды тұлғаға қатысты мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Сонымен қатар, монополияға қарсы орган заңнаманың бұзылуын алдын алу мақсатында нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жібереді.
Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші, егер мұндай әрекет Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса алдын ала ескерту жіберу үшін негіз болып саналады.
- Заң бұзушылық фактілерін көрген, білген азаматтар сізге қалай хабарласуға болады?
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мекен жайы: Ақтау қаласы, 9 ш/а. 23 «а» ғимырат, 302 кабинет; тел: 438414
Сұхбаттасқан Болат Үмбетов