Түпқараған ауданы әкімі Темірбек Асауов тұрғындармен кездесуде өткен жылғы атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, алдағы меже-міндеттер жайында әңгімеледі. Есеп беру жиынына облыс әкімі Алик Айдарбаев қатысты.
Баяндама жасаған аудан басшысы әкімдік, аудандық мәслихатпен тығыз байланыста «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасынан туындайтын міндеттерді, Елбасының бекіткен «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарды, мемлекеттік бағдарламаларды және облыс әкімдігінің тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, ауданның даму жоспарын іске асыруға жұмыстанғандығына нақты мысалдар келтірді.
Аудан бюджетінің 2016 жылға нақтыланған кіріс жоспары 9 060,8 млн. теңге құрады, орындалысы 9 137,7 млн. теңге немесе 100,8 пайыз. Нақтыланған шығыс жоспары 9 072,4 млн. теңге, орындалысы 99,9 пайыз көлемінде. Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттің жылдық жоспары-4565,5 млн. теңге, 100 пайызға орындалды. Сондай-ақ, ағымдағы нысаналы трансферттің , дамуға бөлінген трансферттің, бюджеттік кредиттердің жылдық жоспарлары белгіленген межеден көрінді. Ауданның даму бюджеті 1 495,2 млн. теңге құраса, бюджеттік алым жоспары 1497,9 млн. теңге көлемінде толығымен орындалды. Өткен жылы ауданның өнеркәсіп өнімдерінің ауқымы 427,4 млрд. теңге құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 97,1 млрд. теңгеге , немесе 22,7 %-ға өскен. Есепті кезеңде ауданда 3972,2 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, облыс көлемінің 24%-ын құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі бағалау есебімен 12,6 млрд. теңге болды, 2015 жылмен салыстырғанда 3,9 пайыз жоғары. Жыл ішінде барлығы 251 жаңа ғимырат салынды, оның 246-сы тұрғын үй, 5-уі тұрғын үйге жатпайтын ғимырат. Жалпы аумағы 44,3 мың шаршы метр жүргізілген, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға артық.
Баяндамашы инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып өтті.
— Сайын Шапағатов ауылындағы ішкі су жүйесі пайдалануға берілуде және Ақшұқыр ауылындағы резервуар және селоішілік су құбырларының құрылысы басталды, -деді Темірбек Тиылұлы,- Ауыспалы жоба бойынша Сайын Шапағатов ауылындағы 1143 телім бойынша жаңадан салынған тұрғын үйлер газбен қамтылса, 5 кварталда 812 учаскесні газбен қамту жұмыстары басталды( жоба ауыспалы, жұмыс құны 1120,0 млн. теңге). Электр қуатымен қамту бойынша Сайын Шапағатов ауылының 5 кварталында құрылыс жұмыстары жүруде. Осы ауылдың 6 кварталын электр жүйесімен қамту үшін 300,0 млн. теңге көлемінде Ұлттық қордан бастапқы қаражаты бөлініп, жұмыстары атқарылуда.
Сайын Шапағатов ауылындағы автожол құрылысы (180,9 млн.теңге бөлінген) пайдалануға берілді. Ұзындығы 72,0 шақырым аудандық маңыздағы автожолдарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуге өткен жылы 42,5 млн. теңге, Форт-Шевченко қаласының ауылішілік автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 68,8 млн. теңге қаралып, толықтай игерілді. Форт-Шевченко және Жаңакетік шағын ауданының жолдарын ағымдағы жөндеуіне 21,7 млн. теңге және Жамбыл, Өмірбаев, Тәжиев, Мыңбаев, Үргенішбайұлы, Мұрынжырау көшелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына барлығы 66,3 теңге, елді мекендерді жарықтандыруға 264,4 млн. теңге қаражат бөлініп, толықтай игерілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аяында аббаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру және ойын алаңдарын құру үшін республикалық бюджеттен 34,9 млн. теңге қаралып, 3 ауылда 4 жоба іске асты.
Аудан әкімі жер кезегінде 20789 азаматтың тіркеуде тұрғанын, бұл мәселені шешудің оөзіндік қиындықтары бар екендіктерін де айта кетті. Қазіргі таңда Ақшұқыр ауылы бойынша жаңа жер аумақтарына 3 ЖСҚ газ желісін жүргізуге жасақталып, қаржыландыру үшін сұраныс берілген. Сонымен қатар, Форт-Шевченко қаласында (900 телім) газ желісін жүргізуге жаңа жоба жасақталып, аталған жерлерге электр жүйесін жүргізу үшін жобалар жасау қарастырылған. Жыл ішінде аудандық жер қатынастары , сәулет және қала құрылысы бөлімімен 120 жер телімін сату-сатып алу келісім-шарттары жасақталып, одан түскен түсім 87,4 млн. теңге құраса, одан басқа 223 жалға алу келісім-шарттары жасалып, 138, 4 млн. теңге қаражат бюджетті толықтырған.
Санамалап кетсек, өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар аз емес екен. Айталық, жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 110,5 пайыз көрсетті. Ауданда жыл ішінде мал саны 6702 басқа артып, барлық түрлері бойынша тұрақты өсімі байқалады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2016 жылдың қорытындысымен 6%-ға өсіп, 1641 бірлікті құрады. 2016 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қоры» АҚ-ның маңғыстау облысы филиалы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы 13 кәсіпкерге сомасы 37,6 млн. теңге көлемінде, ал «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 2 кәсіпкерге 8,0 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несиелік қаражат қарады. Берілген несие ккөрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 14,4 млн. теңгеге немесе 46,4 пайызға жоғары. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Түпқараған ауданы бойынша филиалы арқылы құны 39,9 млн. теңге көлемінде (5 кәсіпкерге) қолдау көрсетілді. «Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы аудан әкімдігінің қолдауымен 9,2 млн. теңге көлемінде (9 кәсіпкерге) лизингігі техника, тыңайтқыш алынды.
Баяндамада халықты жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, спорт саласында қол жеткен жетістіктер жайында да айтылды.Облыстың намысын қорғап жүрген озат оқушылар есімдері , өнегелі мектептер аталды. Сөз жоқ, жетістіктер аз емес. Мұны облыс әкімі Алик Серікұлы да атап өтті. Облыс басшысы сонымен бірге аудан алдында тұрған міндеттерге тоқталды.
Жиында сөз сөйлеген тұрғындар әкім жұмысына оң баға беріп, ауданның ажары еніп келе жатқандығына нақты мысалдар келтірді.
Болат Үмбетов