«Аққу құстың төресі», дейді халқымыз. Халық қалт айтпайды ғой. Ақындар аялап жырға қосқан киелі құс қаншама шығармаларға арқау болды. Алысқа бармай-ақ, Нұрғисаның «Аққу» күйін, Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын алыңыз. Оған Чайковскийдің әйгілі «Аққу көлін» қосыңыз.
Осы киелі құс жыл басында Ақтауға ұшып келді. Жергілікті жұрт мұны жақсылықтың нышаны деп жориды. Ақтау халқы мен қонақтары жыл сайын аққумен дәстүрлі түрде суретке түсуді әдетке айналдырған.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН