Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыс аумағында қолға алынған еркін сұхбат алаңы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде өткізілді.
Әр салада басшылық қызмет атқарып жүрген, өнерімен, өнегелі ісімен көпке үлгі болған тұлғалармен жастардың еркін форматтағы кездесуінің алғашқысына аудан әкімі Ж.Айтуаров қатысты.
Аудан тізгінін абыроймен ұстап, елдің әлеуетін көтеріп, әлеуметтік салаға қамқорлық құшағын кеңейтіп отырған іскер басшымен бір сағаттың үстінде еркін сұхбаттасқан жастар әкімнің балалық шағы, алғашқы еңбек жолынан бастап бүгінгі аудан жастарына жасалынып келе жатқан қамқорлық аясын кеңейту бағытында көптеген сұрақтарына нақты әрі нанымды жауап алды.
Осы форматтағы кездесулер күн сайын өткізіліп, аудан жастары аға буын, орта буын өкілдерінен өздеріне керекті кеңесті алуда.
Өз тілшіміз