©
Ақтау қаласындағы жоғары, техникалық және кәсіптік оқу орындарының студенттері «Студент көктем – 2016» апталығы аясында сенбілікке шықты.
Қала ажарын ашып, тазалауды көздеген студенттердің сенбілігі қалалық әкімдігінің қолдауымен, «Арман» қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен өтті. Оған 100-ге жуық еңбекқор жас қатысты. «Жастар таза қала үшін!» атты ұранмен шыққан олар қоршаған ортаны қамқорлыққа алу, жас ұрпақты еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, қала тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуды мақсат етті.
Жастар топ-топқа бөлініп, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, 33 шағынауданның маңайын тазалады. Шөптерді шауып, жиналған күл-қоқыстардан арылтты. Бөлінген аумақты мұғалімдердің қадағалауымен, барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып тазалады. Сенбілікте белсенділік танытқан топ жеңімпаз атанып, «Студент көктем – 2016» апталығы қорытындысында арнайы сыйлықтармен марапатталмақ. Сенбілік соңында студенттер естелік суретке түсіп, жақсы көңіл-күймен үйлеріне тарады. Осындай ұжымдық шаралар жастарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері анық.
Х.ОРЫНБАЙҚЫЗЫ