©
Облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен марапаталған бір топ мәдениет, денсаулық, білім, спорт саласы қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» төсбелгісін тапсырды.
— Сіздердің әрқайсыңыз өз салаңыз бойынша аймақтың өркендеп, дамуына, Маңғыстауымыздың мерейінің өсуіне, таланттарымыздың танылуына, рухани бай мұрамыздың насихатталуына ерекше үлес қостыңыз. Біз сіздермен мақтанамыз, — деді құттықтау сөзінде Бану Ғаниқызы.
Бас қосуда ақын С.Нұржан, мәдениет қайраткері Н. Мұханов сөз алып, Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті хақында ой бөлісті.
Болат Үмбетов
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="16413,16412,16411"]