©
Облыс әкімі А.Айдарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» төсбелгісімен марапатталған ардагерлерді қабылдап, мерекемен құттықтады.
— Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерді осы залда отырған ардагерлерсіз елестете алмаймыз. Түрлі қызметтер атқара жүріп,олар қиын жылдарда қажырлылық танытты, еліміздің дамуына зор үлес қосты. Бүгінгі күнгі табыс, өзгерісте ардагерлер салған жол сайрап жатыр.
Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай сіздерге айрықша ықыласымды, ризашылығымды білдіремін. Отбасыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Еліміз көркейе берсін! — деді Алик Серікұлы.
Жиынға қатысушылар атынан сөйлеген денсаулық саласының ардагері Б.Тұрарбеков көпшілікті мерекемен құттықтап, Елбасына деген алғысын жеткізді.
Болат Үмбетов Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ