©
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Астанада Елбасының қатысуымен өткен салтанатты шараны Маңғыстау ауданы әкімдігінің мәжіліс залына жиналған аудан активі және мекеме, кәсіпорын қызметкерлері тікелей эфирден тамашалады.
Елбасының қазақстандықтардың ширек ғасырда жүріп өткен жолы мен еліміздің өсіп-өркендеу бағыты туралы байыпты сөзін ұйып тыңдаған көпшілік үлкен әсер алып тарасты.
«Тәуелсіздік алған жылдары оң солын танымайтын тәй басқан сәби қалыптағы Қазақстанның бүгінгі жігерлі, жалынды 25 жасына дейінгі өімірімізді көз алдымызға әкелген Елбасының құттықтауы жүректерден жол тауып, жігер сыйлады,-дейді бір топ мемлекеттік қызметкерлер.
Лаура ТЫНДЫРҒАНОВА