Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай, облыстық мұражайда «Киіз үй – ұлттық құндылықтар қазынасы» атты киіз үй тігуден мектеп оқушылары арасында облыстық жарыс өтті.
Облыс көлемінде алғаш рет өтіп отырған бұл сайысқа Маңғыстау ауданынан Е. Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары мен Мұнайлы ауданынан №10 жалпы білім беру орта мектебі оқушылары қатысты.
Маңғыстау шеберлерінің қолынан шыққан киіз үйлер — жасалу ерекшелігімен, әсем жабдықталуымен талғампаз әлем жұртшылығының назарын өзіне аударатын ұлттық құндылық саналады.
Облыстық музейдің ұсынысымен ЮНЕСКО-ның «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының көрнекті тізіміне» енгізілген киіз үйді тігу жастарға оңай болмады, бірақ ата-баба мұрасын қастерлеп ұстай білетін ұрпақ бұл сыннан сүрінбей өтті.
Үміт ЖӘЛЕКЕ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="16254,16256,16258,16260,16261,16264,16265,16262,16268,16269,16270,16266"]