«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында Елбасының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының аппарат жетекшісі Гүлнәр Сүлейменқызына «Парасат» орденін табыстады.
Гүлнәр Сейтмағанбетова 1991 жылдан бері Қазақстан Компартиясы Маңғыстау облыстық комитетінде, аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде, облыстық Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі департаментте, облыс әкімдігінде жауапты қызметтер атқарды.
2007 - 2016 жылдар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің төртінші және бесінші шақырылым депутаты ретінде қызмет етті. Тәуелсіз ел мүддесіне, өсуі мен өркендеуі, дамуы мен жаңғыруы жолында еткен елеулі еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған. Халық қалаулысы Гүлнәр Сүлейменқызын жаңа жетістігімен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына бақ-береке, ұзақ ғұмыр тілейміз!