©
Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі ұйымдастыруымен Тәуелсіздікке 25 жыл мерейлі мерекеге орай, қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Көп балалы отбасыларға аудан әкімінің атынан мерекелік құттықтау мен бөлімге демеушілік көмек көрсеткен белсенді азаматтардың қатысуымен мерекелік дастархан тәттілері мен көп тұтынылатын азық-түліктер (ұн, секер, сұйық май, вермишель) табысталды. Сонымен қатар акция аясында бөлім Баутин ауылындағы жағдайсыз үш отбасыға «WAGENBORG» компаниясының демеушілігімен 20 мың теңгелей қаржылай көмек көрсеткен. Бөлім бастығы Гүлмира Берішбаева көп балалы отбасыларға арнайы аяқтай барып табыс еткен сыйлықтарын балақайлар алғысын жаудыра қабыл алды.
— Қайырымдылық шара – аудан әкімінің бастамасымен іске асып жатыр. «25 жұлдызды күн» шарасы аясында мекемеміз ұйымдасытрып отырған қайырымдылық шарасына белсене қатысқан демеушілерге алғысымды білдіремін! Қайырымдылық шарасы осымен тоқтап қалмайды, жалғасады. Бүгін тек төрт отбасының жоспарлап қойғанбыз, ертең де жасақталған тізім бойынша отбасыларға табыс ететін боламыз. Сауапты істі жасау әрқашанада қуаныш сыйлайды. Сондықтан, тек акция аясында емес, үнемі жанымыздағыларға көмектесіп жүрсек! – дейді Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметттік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің бастығы Гүлмира Берішбаева.
Милана ЕЛЕУСІНОВА