©
- Маңғыстаудағы ең үлкен мешіт Жаңаөзенде салынады. Құрылысы 3 жыл бұрын Жаңаөзен қаласы тұрғындарының бастамасы мен олардың жинаған қаражатына басталған болатын, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
- Құрылысқа арналған ақшаны жинау үшін “Ынтымақ” қоры ашылған. Жаңаөзен тұрғындары мен “Қазмұнайгаз” компаниясы жұмысшыларынан 79 млн. теңге жиналды. Бұл сома бірінші қабаттың құрылысына жетті. Кейін құрылыс жұмыстары екі жылға тоқтатылды. 2015 жылдың қазан айынан бастап қорға тағы 5 млн. 600 мың теңге түскен болатын. Бұл ақшаға мешіт аумағында асхана салынып, ол жерді көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде жеке қайрымдылықтан түскен қаражатқа неке қиюға, балаларға білім беруге арналған бөлмелері, қызметтік және намаз оқу бөлмелері орналасқан екінші қабатының құрылысы аяқталды, - деп әңгімелейді меценат және жергілікті кәсіпкер Көшбай Қызанбаев. Ол өткен жылдан бері мешіт құрылысын басқаруда.
- Бұл Маңғыстау облысындағы ең үлкен мешіт болады. Ақтаудағы облыстық мешітке бір мезгілде 1000 адам бара алатын болса, мына мешіт 1500 адамға дейін халықты сыйғыза алады. Бүгінде құрылыста 25 жұмысшы еңбек етуде, олардың бәрі де өз қалауларымен келіп отыр. Ай сайын оларға еңбекақы төленеді. Біз мешіттің құрылысын биылғы жылы 12 қыркүйекке келетін Айт намазы мерекесіне қарсы аяқтай аламыз деп үміттенеміз.
Құрылыс бір күнге де тоқтатылған емес, демалыссыз жұмыс істеп жатырмыз, - дейді кәсіпкер Көшбай Қызанбаев. Құрылыстың белгіленген мерзімінде аяқталуы үшін тағы 200 миллион теңге қаражат қажет. Құрылысшылар Маңғыстау тұрғындарының көмегіне үміт артып отыр.