• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Аграрлық салаға субсидия бөлу жайы қалай?

[ 2016 ] 28 қыркүйек, 06:27  |  Жаңалықтар

Жалпы Маңғыстау облысының аумағында бұрын-соңды қазылған 1503 құдық тіркелген болса, шаруа қожалықтарының тапсырыстары бойынша мемлекет тарапынан 80 пайыздық субсидия бөлудің нәтижесінде жаңадан 2014 жылы – 8, 2015 жылы – 73 құдық қазылса, осы жылы да 73 құдықты пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай көрсеткіштердің арқасында осы бағыттағы жұмыстар бойынша Маңғыстау облысы республикада алдыңғы орында тұр, деп мәлімдеді дүйсенбі күні өткен «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Аграрлық сала» бағыты бойынша сараптама тобы отырысында баяндама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Болат Ерсайынұлы.

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Қуанышбек Абдрахман ашып, жүргізген отырыста негізінен «Ауыл шаруашылығына арналған субсидиялар» және «Ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған су жүйесімен қамту» мәселелерін қарау көзделген-ді. Алайда, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы мен орынбасарының белгісіз себеппен қатыспауына байланысты екінші мәселе қаралмай қалды.

Елімізде аграрлық саланы дамытуға Елбасымыздың айрықша мән беріп, осы саладағы атқарылатын жұмыстар мен мақсат-міндеттерді заманға сай сапалық деңгейге көтеруді тапсырғаны белгілі.

Аймақтағы аграрлық саланы субсидиялар бөлу арқылы қолдау жұмыстары қай деңгейде атқарылуда, нәтиже мен көрсеткіштер қалай, жетістіктер мен кемшіліктер қай тұста? Осындай сауалдарға тиісті мәліметтерін келтіре отырып жауабын берген баяндамашы, негізінен, өндірістік аймақ саналатын облысымызда аграрлық саланы қолдау бағытында біршама жұмыстар қолға алынып, атқарылып жатқанын айтты. 

Баяндамашы тізіп көрсеткендей, мемлекеттік субсидия бөлу бағдарламасы алты бағытты қамтыған екен. Біріншісі, егін шаруашылықтарында пайдаланылатын судың шығынын өтеу мақсатында облыс бойынша 20 млн. теңге  субсидия бөлу қарастырылса, қазірге дейін сол қаражат көлемінің 6 млн. 245 мың теңгесі игерілген. «Егін науқанының толық аяқталуына байланысты жыл соңына дейін қаржы түгел игеріледі», деп сендірді басқарма басшысы.

Егін шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 75000,0 мың теңгені игеру 2016 жылдың қазан-желтоқсан айларына жоспарланған. Бұл жағдай нормативтік-құқықтық актілердің жоқтығы  мен субсидиялау ережесіне  енгізілген өзгерістер туралы шешімнің кеш қабылдануына байланысты болды. Субсидияның бұл түрі бойынша жылыжайларда әр гектары үшін 35000, ашық жерлерде егілген егіннің әр гектарына 20000 теңгеден бөлу қарастырылған. Үшінші бағыт егін шаруашылығындағылар тұтынатын тыңайтқыш құнын арзандатуға арналған және ол отандық өнім үшін 50 пайыз, шетелдік тыңайтқыштар үшін 30 пайыз мөлшерінде деп көзделген. «Аталмыш бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық жоспар 25000,0 мың теңгенің  13052,5 мың теңгесі игерілді. Бұл жағдай берілген тапсырыстардың жоқтығына байланысты орын алды. Қалған 11947,5 мың теңгені жыл аяғына дейін игеру жоспарлануда», - деді басқарма басшысы.

 Сондай-ақ субсидиялар жылы жабықжайлар салуға, асыл тұқымды мал сатып алушы шаруа қожалықтарына және инвестициялық көмек ретінде беріледі. Соңғысына құдық қаздыру, электр тогын өндіретін желгенераторын (қазірге дейін облыста алтауы бар) және күннен қуат алатын батарея панельдерін орнатып беру, техникалар мен мал сатып алу сияқты жұмыстар кіреді. Агроөнеркәсіптік кешен субьектілерінің инвестициялық салымы шығындарының бір бөлегін өтеу мақсатында жалпы 260013,0 мың теңге бөлініп, 23.09.2016 ж. жағдай бойынша соның 173860,0 мың теңгесі игерілген.  

Сөз басында айтылғандай, Маңғыстау құдықтар қазу бойынша елімізде бірінші орында тұр. Басқа аймақтармен салыстырғанда жер бетінде ағын су көзі мүлдем жоқ өлке шаруалары тіршілік нәрін тек жер астынан алатыны белгілі. Облыста құдық қазумен айналысатын арнайы 8 мекеме бар. «Алдыңғы орында тұруымызға құдық қаздыру шығындарын өтеу жұмыстарының жалпыға бірдей бекітілген тәртібіне біздің енгізген ұсыныс схемамыздың қолданылуының пайдасы тиді, - дейді Б.Ерсайынұлы. – Тәртіп бойынша құдық қаздырушы жұмыс құнының шығынын қазып беруші мекемеге алдын ала толық төлеуі тиіс. Бірақ, шаруалардың бәрінің бірдей ол талапты орындауға жағдайы жетпейді, яғни тереңдігіне қарай құны 4-5 млн теңгеге дейін жететін шығынды төлеуді олардың қалтасы көтермейді. Біздер ұсынған схема бойынша тапсырыс беруші алдымен жалпы жұмыс құнының 20 пайызы мөлшеріндегі ақшаны қызмет көрсетуші мекемеге өткізеді, олар құдық қазу жұмыстарын толық атқарған соң, мемлекет тарапынан берілетін қалған 80 пайыз жұмыс құны төленеді. Есеп айырысудың осындай тәртібі іс жүзінде оңтайлы болып, жұмыстың ілгері басуына себеп болды».

Асыл тұқымды әр мал басына: қойға – 8000 теңге, түйеге – 37000, жылқыға  - 40000 теңге субсидия бөлу қарастырылған. Алайда, бұл бағыттағы жұмыста оншалықты болмай тұр. Оған сырттан әкелінген асыл тұқымды малдың табиғаты қатаң Маңғыстау жеріне көндігіп, жерсіне алмауы себеп, дейді мамандар. Еске сала кетсек, жалпы облыста асыл тұқымды мал өсіретін 36 шаруа қожалығы бар. Бұл ретте тек Бейнеу ауданындағы шаруашылықтың 189 бас асыл тұқымды сиыр алғанын тілге тиек етуге болады.

Сондай-ақ жылыжай салу мен тамшылата суару жүйесін алуға мемлекет қазынасынан 30 пайыз көлемінде субсидия бөлінеді. Бұл бағытта Сенекте және Ақшұқырда жылыжай құрылысы салынуда.

Отырыста сондай-ақ облыс аумағындағы жерасты су қоры мол Құйылыс, Сәубет, Ұланақ, Сауысқан, Тасмұрын сияқты су көздерін аграрлық саланы дамытуға тиімді пайдалану, газбен жылытылатын жабық жылыжайлар салу, ауылшаруашылық кооперацияларын құру, ет, сүт өндіруді қолдау, селекциялық жұмысты қолға алу сияқты маңызды мәселелер қозғалып, ұсыныстар айтылды.   

Мұрат ЖЕТЕКБАЙ Суреттеді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

1400
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
жаңалықтар экономика
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Жалынды жастар пікірсайысы

Келесі жаңалық

АИТВ жұқтырғандар азаяр емес

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Портовые города Актау и Пирей налаживают сотрудничество с учетом растущего потенциала ТМТМ

    12 ақпан, 10:29
    1831

    Мангистау опередил Астану по объемам инвестиции в науку

    22 қаңтар, 12:30
    2132

    Казахстан планирует утроить экспорт зерна в Иран в 2024 году

    10 қаңтар, 11:31
    2239

    Какие масштабные проекты были реализованы в Мангистау в 2023 году?

    [ 2023 ] 31 желтоқсан, 12:46
    2207

    Инвесторы из Китая заинтересованы в строительстве контейнерного хаба в портах Актау и Курык

    [ 2023 ] 6 желтоқсан, 12:50
    2345

    До 20 млн тонн в год планируется увеличить объем грузоперевозок по коридору Север-Юг

    [ 2023 ] 5 желтоқсан, 10:03
    2291

    Рубрикалар

      Маңғыстау жаңалықтарыРедакцияСұхбатБайланыс мәліметтеріРедакция газеттеріРедакция туралыҚоғамАнықтама бюросыМаңғыстау

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2725

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2453

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2291

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2954

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2596

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2491

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»