• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 5 Тамыз 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Карантин: Облыста жаңа қаулы жарияланды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Журналист Жалғас Айтқұлов өмірден озды...

Камиль Куруглиев әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды...

Токио-2020: Бекзат Нұрдәулетовтің алғашқы қарсыласы анықталды...

  • USD: 425.13 ₸
  • EUR: 503.01 ₸
  • RUB: 5.81 ₸

Жаз маусымында қандай тері ауруларынан қорғанған жөн

15 маусым, 10:40  |  Жаңалықтар

Жаз маусымында тері аурулары үдеп, ересектермен қоса нәрестелерге қолайсыз жағдай туындатады. Бұған әрине әр өңірдің өзіне тән климаты ықпал етері сөзсіз. Маңғыстауда жаз аптап, ыссы, шіліңгір шілдеде төбеден төнген күннің көзі теріні күйдірердей өткір. Содан да қала халқы сәскеде бас сауғалап, аса мұқтаж болмаса, сыртқа адым баспауға тырысып бағады. Күннен келер кеселден қорғанып, бастан күн өтуінің, бет терісінің күюінің алдын алады. Дегенмен теңізбен іргелес жатқан қала тұрғындары теңізге сүңгіп, серпілгенді, түс ауа күнге қыздырынғанды жақсы көреді. Осы тұста назар аударар маңызды дүние кез келген жан теріні жас әрі таза қалпында сақтауы үшін қарапайым гигиена талаптарын сақтауы тиіс. Осыған орай жаз мезгіліндегі тері күтімінің басты қағидалары турасында өңірдің бас дерматологы, Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері директорының міндетін атқарушы Лаврова Татьяна Алексейқызымен облыстық "Маңғыстау" газетінің тілшісі Голрох Жеменей пікірлесті.

Татьяна Алексейқызы, жаз маусымында қандай тері ауруларынан қорғанған жөн?

Жазда күн ысуына байланысты әр түрлі тері аурулары пайда болады. Көктем келісімен табиғат қайта жанданады, тал-шыбық бүр жарады, гүлдер қауызын ашады, ауадан алуан реңкті хош иіс аңқиды. Сезімтал жан ағзасы табиғаттың бұл құбылысына өзгеше жауап қайтарады. Аллергия белгілері пайда болып, тері қышып, қызарып, бөртіп, түшкіріп, жөтеліп, жалпы жайсыздық орнайды. Ал жаз маусымында аллергия асқынып, белгілері тіптен белең алуы мүмкін. Шыбын-шіркейдің бас көтертпей қаптап кетуі әрі маса, ара секілді уытты жәндіктердің шағуынан пайда болатын жара, қышыну мен ісіну өз алдына бөлек мәселе. Сонымен қоса жазда тершеңдік пен ауадағы ылғалдың жоғарылауы, ауа температурасының лезде құбылуы тері тініне теріс әсерін тигізеді. Бактериялардың көбеюіне септесіп, шиқан, сыздауық, іріңді жара (абсцесс), сикоз (шаш түйіншелерінің қабынуы), ұшық, микробты экзема, дерматиттер мен тері зеңі секілді аурулардың пайда болуына жол ашады. Тері зеңі далада немесе теңіз жағалауында жалаңаяқ жүруден де жұғады. Сондықтан жағажайда дем алушылар гигиена талаптарына аса көңіл бөлгені жөн.

Жазда әр түрлі дермотологиялық аурулардың алдын алу үшін қандай кеңес берер едіңіз?

Әрине, тән саулығы тазалықтан бастау алады. Тершеңдік пен денедегі жағымсыз иістің алдын алу үшін жиі жуынып, терлеуге қарсы дезодаранттарды қолданған жөн. Күн сәулесі адам ағзасына белгілі бір шектік мөлшерде ғана пайдасын тигізеді. Дегенмен күннің көзінде шамадан тыс жүру кері ықпал етіп, терінің күюіне, қатпарлануына, әжімдердің пайда болып, сызаттардың тереңдеуіне жол береді. Сондықтан құрғақ теріге ылғалдандыратын, арнайы нәрлендіретін әрі күннен қорғаныс қабатын түзетін қасиетке ие косметикалық майларды жиі жағып, күтім жасау қажет. Далаға серуендегенде немесе саяхатқа шыққанда аллергияны қоздырушы нәрселерден бойды аулақ ұстауға тырысу керек. Себебі теріде түрлі бөртпелер мен қышыманың пайда болуына аллергендер сеп болады. Теңізге, хауызға, қоғамдық моншаларға барғанда резеңке сүйретпе аяқ киімдерді өзіңмен бірге ала барған жөн. Дәрігер ретінде берер кеңесім – теріңізде қандай да бір жағымсыз зең, бөртпе пайда болса, уақытты көп созбай, маман кеңесіне жүгінген жөн. Адам терісі – ішкі ағзамыздың айнасы. Таза, жылтыр, әдемі тері – адам денсаулығының кепілі деуге әбден болады. Сол себепті жыл он екі ай терімізге күтім жасаудан жалықпайық!

Теңізге түсу маусымы басталды. Күн сәулесінің пайдасы мен зияны турасында ашып айта аласыз ба?

Адам өмірінде бір рет те болса күнге күйіп, қарайып кететіні рас. Ал сары өңділердің екі беті шиедей қызарып, бірер күннен қайта қалпына келеді. Себебі күн сәулесін бет терісі типіне қарай әр түрлі деңгейде сіңіреді. Дегенмен күн көзі шамадан тыс түссе фотодерматоз ауруы пайда болуы әбден мүмкін. Сол себепті күнге қыздырынамын деген жандар таңертең немесе күні көзі ұяға батуға бет алған тұста жағажайда демалғаны жөн. Жасына және тері типіне қарай арнайы косметикалық жақпа майларды қолданып, дәрумендерге бай жеміс-жидектер мен көкөністерді ас мәзіріне қосу маңызды. Сонымен қоса, құрамында барбитуралар, сульфаниламидтер, антибиотиктер бар, сондай-ақ тері зеңіне қарсы дәрілермен ем-дом қабылдаған жандар күнге қыздырынуды кейінге қалдырғаны жөн.

Короновирус қандай да бір тері ауруларының пайда болуына түрткі бола ма?

Короновируспен ауырған науқастардың тері қабатында әр ағзаның өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі бөртпелер бой көтеруі мүмкін. Мәселен, соңғы зерттеулерге сүйенсек, індетттен айығу барысында өн бойыңда пайда болатын әлсіздікпен қатар, шаштың сиреу құбылысы жиі байқалады. Сондай-ақ кейбір науқастарда васкулитті, көпіршікті және т.б. бөртпелердің пайда болуы тәжірибеде кездеседі. Бұл әр адамның ағзадағы ерекшеліктеріне байланысты екенін ескеруіміз қажет.

Карантин талаптарына сәйкес бетперде киюге міндеттелдік. Осы жайт бет терісіне қалай әсер етті?

Әрине, бетперде әсерінен ауыз, мұрын қуысының айналасындағы терінің тітіркенуі мен қышуы, тіпті қабынуы жиі орын ала бастады. Бетпердені ұзақ уақыт тастамай тағу тері тініне теріс әсер етіп, қатты матамен үйкелісу салдарынан бет, иек пен ерін айналасында түрлі бөртпелер пайда болған жандар бар. Әрине, бұл тұста да тазалық талаптарын дұрыс қадағаламау, бір бетпердені күні бойы жаңа түрімен алмастырмай тағу секілді жайттардың кері ықпалын айта өту керек. Бетпердені шешкен соң бет терісіне үш сатылы күтім жасау қажет. Ең алдымен бетті тазалап жуып, ылғалдандырып, содан кейін нәрлендіру маңызды.

Сондай-ақ медициналық қолғаптарды тағу созылмалы аллергиясы бар жандарда аурудың қозып, қол терісіндегі бөртпелердің белең алуына әкеліп соғады. Сондай-ақ көптеген адамдардың латекске аллергиясы болуы мүмкін. Әрі карантин кезінде құрамында бактериялар мен вирустарға қарсы спирттік қоспасы бар антисептик өнімдерді бей-берекет қолдану салдарынан қол терісінің құрғап, қышынуы көбейіп кетті. Сондықтан мұндай өнімдердің терінің май тінін бұзумен қатар, құрғатып, әр түрлі тері ауруларына әкеліп соғатынын есте ұстаған жөн.

Танымды сұхбатыңызға рахмет!

Голрох Жеменей

253
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Жазба ақынды айтыскер ақын ету өте қиын - Фархад Мұсаев

Келесі жаңалық

Ақтауда шұрық-тесік жолдар қалпына келтіріліп жатыр

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Жастар бетіХабарландыруБейнеуЭкономикаАуыл өміріБайқауБіле жүріңізҚоғамРедакция газеттеріСпортҚарақияӘлем жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Атамекен ауылындағы ауыз су мәселесі: Көше соңындағы үйлерге су жетпейді

    3 тамыз, 16:09
    141

    Ақтауда бір аптада індеттен 56 адам көз жұмды

    3 тамыз, 13:42
    197

    Абылай Фазылбек: Ауыл әкімін сайлауға жауапкершілікпен қарау керек

    25 шілде, 18:37
    172

    Өңірдің бас эпидемиологы Қаламқас кенорнының жұмысшылармен кездесті

    19 шілде, 17:25
    142

    Әлеуметтік жобаның таныстырылымы өтті

    3 шілде, 14:48
    222

    «30 игі іс»: Балалар үйінде бүлдіршіннің тұсауы кесілді

    28 маусым, 16:45
    138

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»