Бүгін «Ралли» қатысушылары оңтүстік-батыс шөлді аймақ арқылы бес арнайы алаңның біріншісіне барады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Ралли» рейд ҚР Спорт және мәдениет министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр. Қатысушылар Ақтау-Кендірлі-Жаңаөзен-Форт-Шевченко бағытында 5 күн бойы жүреді. Қатысушылар арасында «Ралли Қазақстан» авто жарысы жылдан жылға атақты болып жатыр. Өйткені «Ралли» рейд өтетін осы Маңғыстау облысының табиғаты ерекше. Мұнда тасты және құмды жол бар. Өзге елде экипаждар тек құмды жолда жүреді. Ал бізде «Ралли» рейдті өткізу үшін бәрі бар, - деді Қазақстан авто-мото спорт федерациясының президенті, «Ралли» рейдінің директоры Дмитрий Махеня.
Суреттерді түсірген Талант Құсайын