Бүгін кешкі уақытта Республикалық маңызы бар Ақтау-Шетпе тас жолында 220-ға жуық иесіз жануар автомобиль жолының жүру бөлігі арқылы өткен. Полиция жануарларды арнайы тұраққа қамады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Облыстың ПД-не сілтеме жасап.
Енді жануарлардың иесі 3 АЕК айыппұл төлегеннен кейін ғана төрт түлігін ала алады.
Соңғы 10 күнде жануарлармен болған 3 ірі жол-көлік оқиғасында 6 адам қаза тапты. Алдын алу мақсатында бұл іс-шара жол-көлік оқиғаларына жол бермеу үшін тұрақты негізде өткізілетін болады.
Полицейлер мал иелеріне малдарды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ жарық шағылыстырғыш ленталар тағу керек екенін ескертеді.