25 қыркүйекте түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ТЖД-не сілтеме жасап.
Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта 25 м/с күтіледі.
Ақтауда 25 қыркүйек күні түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақытта 25м/с болады.