Жаңаөзен қаласының 23 жалпы білім беретін орта мектебінде «Менің әкем - ең жақсы адам» тақырыбында мектепішілік әкелер форумы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Майжан Масатова мәлімдеді.
Бұл шара мектебімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. ҚР «Үздік педагог», «педагог-шебер» санатты мұғалімі ретінде мен де өз үлесімді қосып, «Саналы түрде әке болу» тақырыбында «Ашық алаң» ток-шоуының желісінде әдемі отырыс ұйымдастырдым. Алаңда әкелерге «Әке деген кім?» тақырыптағы бейнеролик көрсетіліп, пікірлері сұралды. Бала тәрбиесіне байланысты аталар мен әкелер белсенді түрде өз ой-толғамдарын ортаға салды, - деп жазды Майжан Масатова.
Мұғалім форумда отбасындағы ұрпақ тәрбиесі, түсініспеушіліктің алдын алу, шаңырақ құндылықтарын дәріптеу көзделгенін айтады.
Шара соңында дарынды шәкірттерім «Әкем» өлеңін мәнерлеп оқып, әкелерді тәнтті етті. Қонақтар алған әсерімен бөлісіп, шара ұйымдастырушыларына алғыс айтты. Алдағы уақытта да мұндай шараларды жиі өткізуге ұсыныс білдірді, - дейді Майжан Масатова.