Жақында Маңғыстау облысының полиция департаменті мен білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім беру мекемелерінің бейнебақылау камераларын және дабыл түймелерін 110-ға қосу мәселелері» тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиналысқа білім басқармасының, полиция департаментінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, күзет мекемелерінің өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттілігі, бейнебақылау жүйесінің техникалық талапқа сай сәйкестігі, оларды жедел басқару орталықтарына қосу, лицензияланған күзетпен және дабыл түймелерімен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту, күзет мекемелері білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жұмыстарын сапалы қызмет көрсетуге ұсыныстар берілді, деді МО білім басқармасының өкілдері.