Маңғыстау облысы аумағында есірткіге қарсы күресті күшейту, қылмыстың алдын алу мақсатында «Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде 16 есірткі құқықбұзушылығы анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шара барысында полиция қызметкерлерімен барлығы 8 қылмыс пен 16 есірткі құқықбұзушылықтары тіркелді.
«Қарасора» есірткі өсімдігін өсірумен айналысқан фитозертханаға тосқауыл қойылды.
Бұдан бөлек, аталған рейд аясында тәртіп сақшыларымен 426 шетел азаматы тексерілді. Басты мақсат — өзге елден Қазақстан Республикасы аумағына есірткі тасымалын жүзеге асыруды болдырмау.
Осылайша, көші-қон заңнамасын бұзған 87 тұлға анықталып, 25 құқық бұзушы елден тысқары шығарылды.
Нашақорлыққа қарсы 11 дәріс және 10 кездесу, 5 рейдтік, 31 профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, 10 ғаламтор сілтемелері бұғатталып, 69 граффити-жазулар өшірілді.