Ақтауда Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Ақтау қаласы мен Маңғыстау ауданының құрметті азаматы, ақын, публицист, “Маңғыстау” газетінің бас редакторы Ғалым Әріптің осы газеттегі табанды еңбегі пен шығармашылығының 40 жылдығына арналған әдеби сазды кеш өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақынның «Рух пен Сана» атты шығармашылық кеші 29 ақпан күні, сағат 16:00-де Абай атындағы мәдени демалыс кешенінде өтеді.
Әдеби кеште Ғалым Әріптің қос кітабының тұсауы кесіледі. Кешті Мәжіліс депутаты, белгілі қаламгер Жанарбек Әшімжан жүргізеді. Кешке ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов бастаған зиялы қауым өкілдері қатысады.
Кіру тегін.