Ақтау қаласы прокурорының өкіміне сәйкес мемлекеттік органдардан құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы нәтижесінде тұрғылықты мекенжайында болмаған тұлғаларға қатысты актілер жасақталып, 23 тұлғаға ескерту берілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның ішінде, бұрын бірнеше ескертулері болған 7 тұлғаға қатысты пробация қызметімен бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныстар сотқа жолданып, 6 тұлға сотпен қанағаттандырылып, 1-еуі қаралуда.
Бұдан бөлек, кәмелет жасына толмаған балаларына алимент берешегі бар пробация қызметінің есебінде тұрған 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 1 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Пробация қызметінің есебінде тұрған 1 тұлғаның тұрғылықты мекенжайының болмауына байланысты әлеуметтік бейімдеу орталығына жатқызылды және 1 тұлға тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар, қала прокуратурасының қызметкерлері есепте тұрғандарға жаза өтеу тәртіптерін бірнеше рет бұзған, оның ішінде сот жүктеген міндеттерді орындамау, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды қайта жасау, пробация қызметіне дәлелсіз себептермен келмеу, сол сияқты кешкілікті уақытта тұрғылықты мекенжайында болмаған жағдайда сотпен тағайындалған жаза неғұрлым қатаң жазаға ауыстырылатыны туралы ескертеді.