Мұнайлы ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері Рәміздер күніне орай жұмыс күнін еліміздің гимнімен бастады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін - Қазақстан Республикасы үшін айтулы күн. Өйткені дәл осы күні еліміздің рәміздері белгіленді. Ту, Елтаңба, Әнұран - елдігіміз бен тәуелсіздігімізді әлем алдында айғақтайтын бірден бір нышан екені бәрімізге мәлім. Көк туымыздың үнемі бейбіт аспан астында желбіреуі үшін қызмет етейік!", - деді аудан әкімі Рахат Тезекбайұлы.