Бұл туралы «Jas Otan» ЖҚ МОФ төрағасы Наурызбек Мағдатов мәлімдеді.
Маңғыстау облысының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасында 4 жатақхананың құрылысын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ақтау қаласы мен Қарақия ауданындағы жатақхананың құрылысын жүзеге асыру 2023 жылға жоспарланған. Ал Түпқараған ауданындағы құрылыс 2022-2023 жылдары басталмақ. Маңғыстау ауданында жастар жатақханасының іргетасы 2025 жылы қаланады.
Жастар қанаты өңірдегі 7 студенттік жатақханаға тұрақты түрде мониторинг жүмыстарын жүргізіп келеді. Мониторингке облыс, қала, аудан бойынша сайланған мәслихат депутаттары, жастар қанатының белсенді жастары қатысады. Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер бойынша аналитикалық анықтама дайындалып, оқу орындарына жібереледі.
Жастар қанаты 2021 жылдың бірінші тоқсанында «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында 50-ден астам іс-шара өткізген. Сонымен қатар, жастар қанаты өңірдегі әр түрлі салада еңбек еткен ардагерлерге арнап «Ардагерлерге құрмет» жобасын іске асырып жатыр. Осы жобаның алғашқы шарасы ретінде «Бозжыра» шатқалына туристикалық экспедиция ұйымдастырылды. Алдағы уақытта Түпқараған ауданы ардагерлерінің қатысуымен де саяхат жасау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, жастар қананытың Маңғыстау облыстық филиалы жанында «Кеңес орталығы» есептік кезеңде 120 жасқа кеңес берді. Орталық жастарға қатысты мемлекеттік бағдарламалар, тұрғын-үймен қамту, жұмысқа орналастыру тақырыптарында кеңес береді.
Сонымен қоса, жастар қанаты 2025 жылға дейінгі «Жастар Отанға» бағдарламасы аясында белгіленген міндеттерді орындау бойынша жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Өңір бойынша «Жастар Отанға» бағдарламасының 8 (1 облыстық, 2 қалалық, 5 аудандық) жол картасы әзірленген.
«Nur Otan» партиясы Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрды. Корпус негізінен жас депутаттарды қолдау және заң шығару процесінде олардың мүдделерін қорғау үшін күш-жігерлерін біріктіруге бағытталған. Өңір бойынша «Nur Otan» партиясы атынан 35-жасқа дейінгі 26-жас депутат облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарға сайланған. Барлық депутаттар жас депутаттар корпусының құрамына кірді, - дейді «Jas Otan» ЖҚ МОФ төрағасы Наурызбек Мағдатов.
Жас депуттар Корпус жұмысы аясында тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, әртүрлі санаттағы жастармен байланыс орнатпақ. Сонымен қоса, 2025 жылға дейінгі «Жастар Отанға» бағдарламасының орындалуын бақылау мен оны жүзеге асыру жас депутаттарға жүктелген.