Ақтаудағы кішігірім хайуанаттар бағындағы жануарлардың жағдайы белсенділердің ашуын тудырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Зообақтағы қояндар мен кеміргіштер шала жансар күйде ас, сусыз аядай ғана үйшікте жатыр дейді белсенді Лилия Алтухова. Ал, ол хайуанаттар бағы жеке кәсіпкердің меншігінде. Жануарлардың ешқандай құжаты болмағандықтан «Хвостатые Актау» қоғамдық қоры халі мүшкіл деген екі қоян мен бір кеміргішті өздерімен бірге ала кеткен.
Өте тар вагон-үйшікте бір әлсіз қоянды және тағы біреуінің аш екенін байқадық. Ал үшіншісі өлі болды. Ешқайсысында су да, тамақ та болған жоқ. Жануарлардың жағдайын бірінші білген қыз ол жерде кірпілер мен, хомяктардың да өліп жатқанын көрген. Ол жерде жануарларға ешқандай жағдай жасалмаған, - дейді «Хвостатые Актау» қоғамдық қорының директоры Лилия Алтухова
Ал бүгін хайуанттар бағында бірде бір жануар жоқ. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тексеріс жүргізіп жатыр. Ал хайуанаттар бағының иесі Ермекбай Тәжібаев зообақта өлі қоянның болғанын жоққа шығарып отыр.
Қоянды өлді деп біреулер бейнежазбаға түсіріп, жіберген. Барлық қоянның дені сау, ешқайсысы өлмеген. Біз күнде базамызға алып кетіп, парк ашылғанда алып келеміз, - дейді Ермекбай Тәжібаев.