Ақтау қаласы бойынша су жетіспеушілігі мәселесі бойынша бүгін қала әкімдігінде БАҚ өкілдерімен брифинг өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиынға қала әкімінің орынбасары С.Гусман, "МАЭК Қазатомөнеркәсіп" ЖШС директорының орынбасары С.Желкушинов және “КЖСА” МКК директоры Б.Шапқан қатысты.
"МАЭК Қазатомөнеркәсіп" ЖШС директорының орынбасары С.Желкушиновтың айтуынша, қазіргі таңда "МАЭК Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің су дайындау қондырғысында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, қазір қалаға тәулігіне 40-42 мың текше метр ауыз су берілуде, яғни қала бойынша 5-7 текше метр су жетіспеушілігі бар. Аталған жөндеу жұмыстары 15 маусымға дейін аяқталады, дейді ол.
“Қаладағы су жетіспеушілігін жою мақсатында 18.05 - 15.06 дейін қаладағы I сатыдағы бірқатар кәсіпкерлік нысанға УАҚЫТША ауыз су беру тоқтатылады. Бұл туралы кеше әкімдіктің ресми парақшаларында хабарладық. Егер қажет болған жағдайда II сатыдағы кейбір нысандарға да шектеу қойылады. Себебі, халықты ауыз сумен қамту - басты мәселе. “МАЭК Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің су дайындау қондырғысындағы жөндеу жұмыстарынан кейін, тұрғын үйлерге тәулігіне 50-52 мың текше метрге дейін ауыз су беріледі”,- деді қала әкімінің орынбасары С. Гусман.