Полиция департаменті пиротехникалық өнімді ерекше қорғалатын аумақта қолданғандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ерекше қорғалатын аумаққа енетін Бозжыра шатқалында белгісіз біреулер отшашу атқаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тараған еді. Оқиғаны алыстан бақылап отырған азамат Бозжыра шатқалында отшашу атылып жатыр деп бейнежазбаға түсіріп алған.
Алайда Облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков отшашу Бозжырада атылмаған болуы мүмкін екенін хабарлады.
Күзетте болған инспекторлар Бозжыра шатқалының аумағында отшашудың дауысы естілмегенін, ізі де жоқ екенін мәлімдеді, - дейді ол.
Басқарма әлеуметтік желіде тараған видео бойынша полиция департаментіне хат жолдамақ. Егер отшашу атылғаны расталып, күдікті анықталса әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Махаббат Нұржанқызы