Қасиетті Рамазан айының құрметіне Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне ауызашар берілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты "Бекет ата" мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының бастамасымен жүзеге асқан «Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан» атты іс-шараға «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қорының басшысы Азамат Нұғыманұлы, Жастар ісі секторының жауапты маманы Асылжан Асылбекұлы қатысты. Осылайша халыққа қызмет көрсету орталығының 40 қызметкеріне «Ауызашар қоржындары» үлестіріп берді.