Қызылсай паркі аумағында арқар аулаған екі полиция қызметкері жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2021 жылы 26 сәуір күні әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында браконьерлердің ізіне түсіп қуған туралы бейнеролик таралған болатын, олардың арасында ішкі істер органдарынан екі полиция қызметкері болды. Біздің қатарымызда мұндай қызметкерлерге орын жоқ. Бұл оқиғадан кейін екі қызметкер де орнынан босатылды. Браконьерліктің бірде-бір фактісі жазасыз қалмайтынын, ал қылмыскер қарапайым адам немесе құқық қорғау органдарының қызметкері болуына қарамастан жазаланатынын мәлімдегім келеді. Заң баршаға ортақ, - деді МО Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев.