© Фото скриншот
Ақтауда мобильді топ дүкендерді, сауда орталықтарын, мейрамханаларды және басқа да кәсіпкерлік субъектілерді тексеріп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
26 сәуірге қараған түні 24:00-ден кейін де жұмысын жалғастырған «Top1Aktau» және «Log» компьютер клубтарында адам толы екені анықталды. Маскалық режим мен әлеуметтік арақашықтық мүлдем сақталмаған. Сонымен қатар «Playstation» ойын-клубы санитарлық талапты мүлде ескермеген.
Осы және өзге те тәртіп бұзушылықтар ресми түрде тіркеліп, дәмхана қожайындарына хаттама толтырылды. Әрі қарай тиісті шара қолдану үшін саитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына жолданды.
Мониторинг тобы өкілдерінің айтуынша, вирус таралуына ықпал етіп, адамдар өмірін қауіпке тіккендер жауапкершілікке тартылатынын ескереміз. Сонымен бірге кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу бірнеше рет қайталанған жағдайда, ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін уақытша тоқтата тұру шарасы қолданылады.