Облыстық Бекет ата мешіті 1000 отбасыны рамазан сыйлығымен қуантты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжановтың айтуынша, беріліп жатқан ұн өнімі жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен алынған. Дәл осы игі шара былтыр да жасалған еді және келер жылы да жалғасын таппақ. Сонымен қатар алдағы уақытта өңірдің депутаттары да қайырымдылық шарасына қатысады деді Ә.Елжанов.
Айта кетейік, Рамазан айы басталғалы облыстық мешіт 3000-ға жуық отбасыға қайырымдылық жасап үлгерген.
Суреттерді түсірген Талант Құсайын