Бүгін NСОС компаниясы Маңғыстау облыстық жедел жәрдем стансасына үш жаңа автокөлікті табыстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Соболь» 4Х4 ГАЗель базасындағы жедел жәрдем көліктері «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының демеушілігімен өтеусіз негізде берілді.
Жаңа көліктер мүгедектер арбасына арналған ағытпалы зембілі бар арбаша, оттегі розеткасы, су беруге арналған электр сорғы мен кіріктірілген ыдысы бар қол жуғыш, жедел шақыру батырмасы сынды барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар көлікте сөмкелерге арналған жүк сөрелері де бар. Алдыңғы есіктегі қосымша саты арқылы автобусқа ең кішкентай жолаушылар да оңай міне алады.
Айта кетейік, бұған дейін NCOC компаниясы жыл басынан бері Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына «Соболь», «NEXT» және «Бизнес» маркалы ГАЗель көліктері базасындағы сегіз жедел жәрдем көлігін тапсырған болатын. Аталған көліктердің барлығы да Евро-5 экологиялық стандартына және жедел жәрдем көліктеріне қойылатын жоғары талаптарға сәйкес келеді. Белсенді және бәсең қауіпсіздік жүйелерімен, заманауи электр құралдарымен, кіріктірілген жарық диодты және климаттық жүйелермен жабдықталған. Осындай жүріп өту мүмкіндігі жоғары көліктермен жедел жәрдем бригадалары жолсыз аумақтардағы оқиға орындарына ең қысқа мерзімде жетіп, науқасқа ыңғайлы жағдайда жәрдем жасай алады.
Аталған компания жыл соңына дейін тағы бес жедел жәрдем көлігін табыстауды жоспарлап отыр.