Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова Маңғыстау жеріне саяхаттап келген Сәрсенбай Ерқасымов пен Раббим Борашовқа алғыс хат табыстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жаяу саяхатшы, тарихшы, спортшы Сәрсенбай Ерқасымов «Қасиетті сапар» акциясын ұйымдастырып, саяхатқа аттанған болатын. Ол киелі Түркістан өңірінен бастап маңғаз Маңғыстауға дейінгі тарихи орындар мен ескерткіштерді жаяу аралаған.
Бұл жолы Маңғыстауға келген сапарында ол Бекет ата жер асты мешітіне арнайы барып, зиярат еткен.
Сондай-ақ кәсіпкер, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Раббим Борашов та «Ата жолы» атты велотурын қорытындылады.
Сапар барысында қос саяхатшы Бекет ата Мырзағұлұлының 270 жылдығында зор үлес қосып, жастарға үлгі көрсеткені үшін облыс әкімінің алғыс хатын алды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Оқи отырыңыз: «Жүргенге жөргем ілінеді» - Қасиетті сапар