Осы күні заңсыз салынып жатқан тұрғын үйге қаражат салып бармақ тістеп отырған үлескер көп.
Қандай да бір құрылыс компаниясына үлескер болмас бұрын ҚР тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңына сәйкес тиісті рұқсат құжатын Ақтау қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінен анықтауға болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің 218-кабинетінде сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандарынан кеңес алуға болады.
Біз "осы тұрғын үйге қаражат салмаңыздар" деп нақты айта алмаймыз. Алайда, азаматтар пәтер алғысы келетін тұрғын үй компаниясы туралы бізден сұраса, оның құрылысы заңды немесе заңсыз екенін анықтап бере аламыз, - дейді Ақтау қаласының сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Бекнұр Балиұлы.