2021 жылы Ақтауда 10 балалар ойын алаңы мен спорт алаңын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын салуға және қайта жөндеу жүргізуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлу сұралып отыр.
«Жөндеуді қажет ететін 61 балалар алаңына 610 млн теңге қажет. Ал 58 спорт алаңның жөндеу жұмыстарына 705 млн теңге керек. Жоспарды орындау үшін 2021 жылы жергілікті бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілді», - дейді қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Еске сала кетейік, биыл қалаға 9 жаңа балалар алаңы орнатылды. Сонымен қатар 5 спорт алаңы пайдалануға берілді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА