«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Маңғыстауға сапары барысында өңірдегі партияішілік прайремизге қатысушылармен, сондай-ақ жұртшылықпен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Баcқосуда партияның облыстық сайлауалды бағдарламасын талқылады, онымен primaries.kz сайтынан толығырақ танысуға болады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бұл құжатқа тұрғындардың ұсыныстары енгізіледі. Мәселен, Маңғыстау облысы бойынша 770-тей ұсыныс жиналып, олардың 411-і бағдарлама жобасына кіргізілді.