Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті. Бұл туралы Twitter-де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды.
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді.
Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», - деп жазды Мемлекет басшысы.