«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өңірлерге сапары барысында Ақтау қаласында болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ол мұнда алдымен облыстық онкологиялық орталықтың жаңа ғимаратын аралады. Құрылысы 2008 жылдан бері созылып келе жатқан бұл орталық партия Төрағасы бірінші орынбасарының былтыр шілде айындағы сапарынан соң партиялық бақылауға алынған болатын.
«Заманауи диагностикалық кешеннің пайдалануға берілуі қатерлі ісік ауруларын бастапқы сатысында анықтау мен емдеудің тиімділігін арттырады. Жергілікті биліктің мәліметінше, қажетті жабдықтарды жеткізу таяу уақытта аяқталады. Орталық ұжымымен кездесіп, жауапты жұмыстарына табыс тіледім», - деп жазды Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында.