Жақында «Nur Otan» партиялық бақылау комиссиясы онкологиялық диспансердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Әзірге онкологиялық диспансердің құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып тұр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қазіргі таңда шетелден келген арнайы мамандар медициналық құрал-жабдықтарды орнатып жатыр. Медициналық құрал-жабдықтардың жобамен 60 %-ы келген. Ал қалған жабдықтар індетке байланысты кешігіп жатыр.
Партиялық бақылау комиссиясының айтуынша, жыл соңына дейін диспансер толық аяқталып, ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б. Байбек Ақтау қаласындағы 100 орындық онкология диспансері құрылысының мерзімінде аяқталуын «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалына тапсырған болатын.