Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары!
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы бастауыш партия сайлауын - праймериз өткізу туралы хабарлайды!
Праймериздің мақсаты – Парламент мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау.
Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, нақты жергілікті мәселелер анықталатын болады. Егер Сіз біздің облыстың тағдырына немқұрайлы болмасаңыз және Сіз оны жақсартқыңыз келсе – праймеризге қатысуға шақырамыз!
Іріктеуге жасы 20-дан асқан, сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Праймеризге қатысуға тек партия мүшелері ғана емес, сонымен қатар, партиялық емес, бірақ «Nur Otan» партиясына мүше болғысы келетіндер де жіберіледі.
Қалай қатысуға болады:
1 қадам. Егер партия мүшесі болмасаңыз, «Nur Otan» партиясына кіру;
2 қадам. «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелу. Тіркеуді primaries.kz сілтемесі арқылы немесе Google Play және App Store-дан жүктеп алуға қолжетімді «Primaries»мобильді қосымшасы арқылы өтуге болады;
3 қадам. Өтініш беру және қажетті құжаттарды сайтқа немесе қосымша арқылы жүктеу;
4 қадам. Өзінің онлайн өтінімін растау үшін үміткер аумақтық ұйымдастыру комитетіне жеке өзі келуі тиіс.
Сондай-ақ, өтінімді Маңғыстау облыстық партия филиалы (ұйымдастыру комитеті) мекен-жайы бойынша жеке ұсынуға болады: 14 ш/а, 36А ғимарат
Байланыс телефондары: 43-00-25, 42-97-48
Өтінімдер 2020 жылғы 17 тамыздың 9.00-ден 29 тамыздың 14:00-ге дейін қабылданады.