Бейнеу ауданының Төлеп ауылына жоғары кернеулі электр желісі тартылды. Алғашқы электр бағанасы 2017 жылдың тамыз айында орнатылған болатын.
«Төлеп ауылы осыдан 50 жыл бұрын құрылды. Содан бері тоқ көзі теміржол желісінен алынып келді. Сондықтан жарық беру мәселесінде кедергілер болатын. Енді бұл мәселенің де шешімі табылды. Ауылға Бейнеу селосынан 83 шақырым жерден 10 квт-тық электр желісі тартылды. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 798 млн 503 мың теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Айком LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Алдағы уақытта Бейнеу-Төлеп бағытында кәсіпкерлік нысандар көбейіп, ауыл ажарлана түседі деген сенімдеміз» - деді аудан әкімі Бейнеубек Әбілов.